Парламент депутаттары каникулға кетті
Опубликовано:

Бүгін Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, сегізінші сайланған парламенттің үшінші сессиясы жабық деп жарияланды. Енді депутаттар демалысқа шығып, Қазақстанның өңірлерін аралауға аттанады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов сегізінші сайланған Қазақстан парламентінің үшінші сессиясының жұмысын қорытындылап, үкімет мүшелеріне, сенат пен мәжіліс аппараттары қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін ризашылығын айтты.
"Азаматтық қоғам мен сарапшылар қатарындағы серіктестерге де алғысымыз шексіз.
Сондай-ақ жұмысымызды жоғары деңгейде жариялап көрсеткен баспасөз өкілдеріне рақмет айтамыз.
Депутаттар енді өз жұмысын өңірлерде жалғастырып, қабылданған заңдардың мән-жайын жұртшылыққа түсіндіріп, проблемалармен жақынырақ танысады.
Мұның бәрі біздің жаңа саяси маусымдағы жұмысымызға сақадай сай болуымызға септігін тигізеді деп ойлаймын", - деді ол.
Айта кетейік, үшінші сессия барысында парламент палаталарының 3 бірлескен отырысы, сенат пен мәжілістің 39 жалпы отырысы өткен.
Қос палатаның қарауында 158 заң жобасы болған, оның ішінде 89 заң қабылданған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2260752-parlament-deputattary-kanikulga-ketti/