Тоқаев Антикордың бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға ризашылығын білдірді
Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Антикордың бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға ризашылығын білдірді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға белсенді әрі нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірді", - деп жазды Руслан Желдібай Telegram-дағы арнасында.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 30 маусымда президент Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін қайта ұйымдастыруды қаулы етті.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылды.
Қайта ұйымдастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір функциялары мен өкілеттіктері Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2261160-toqaev-antikordyng-buryngy-toragasy-ashat-zhumagaliga-algys-aitty/