jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

    Нұрлан Ермекбаев және Қасым-Жомарт Тоқаев
    Нұрлан Ермекбаев және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланған.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ШЫҰ-ның тиімді әрі теңгерімді халықаралық ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән береді. Бұл қазіргі әлемдік саясаттағы сын-қатерлерге жедел үн қатуға ықпал етеді.

    Нұрлан Ермекбаев президент қабылдауында
    Нұрлан Ермекбаев президент қабылдауында. Фото: Ақорда

    Президент Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалап, Ұйым тетіктерін жетілдіруге қолдау көрсететінін айтқан.

    Бұдан бөлек, Қазақстанның Ұйым аясында ұсынған басты бастамаларын іске асыру жолдары қаралған.

    Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.