ҰҚК қайта ұйымдастырылған Антикорға қатысты мәлімдеме жасады
Опубликовано:

Қажетті рәсімдер аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"2025 жылғы 30 маусымда мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. Жаңа ведомство "ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылды.
Осыған байланысты комитетпен бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шаралары жүзеге асырылуда.
Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Айта кетейік, қайта ұйымдастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір функциялары мен өкілеттіктері Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға белсенді әрі нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2261697-uqk-qaita-uiymdastyrylgan-antikorga-qatysty-malimdeme-zhasady/