jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    "Нағыз қазақ – домбыра": Тоқаев алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. "Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өйткені ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі.

    Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы. Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризамын. Мемлекет руханият саласын барынша дамыта береді.

    Дәстүрлі өнердің дүлдүлдері Қайрат Байбосынов "Қазақстанның Еңбек Ері", Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова "Қазақстанның халық әртісі" атағына ие болды. Қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.

    Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні елімізде шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.