jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Қанат Бозымбаевқа бірқатар нақты тапсырма берді

    Қанат Бозымбаев президент қабылдауында
    Қанат Бозымбаев президент қабылдауында. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірлерді дамыту бойынша қолға алынған шаралар туралы есеп берілген. Бұған дейін мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Өңірлік саясат жөніндегі жобалық кеңсе құрылған еді.

    Қанат Бозымбаев Өңірлік стандарттар жүйесін енгізу жөнінде баяндаған. Бұл облыстар арасындағы және аймақ ішіндегі инфрақұрылымға қол жеткізу барысында байқалатын теңсіздікті төмендетуге, елді мекендерді дамытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ Бозымбаев мемлекет басшысына энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша Ұлттық жобаның жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берген. Жоба аясында 86 мың шақырым коммуналдық желінің құрылысы мен жаңғырту жұмыстары және жалпы қуаты 7,3 ГВт болатын қосымша генерация көздерін іске қосу қарастырылған. Осы ретте отандық тауар өндірушілердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика салаларындағы әлеуеті барынша пайдаланылады.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұрғындарды су және кәріз жүйесімен сапалы әрі үздіксіз қамтамасыз ету үшін коммуналдық жүйелерді басқару бойынша трансұлттық компаниялармен келіссөздер жүргізілгені жөнінде айтылған.

    Кездесу соңында президент өңірлерді теңгерімді дамыту маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтіп, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына бірыңғай цифрлы экожүйе енгізу, су саласын цифрландыру және су үнемдеу технологияларын қолдану жөнінде бірқатар нақты тапсырма берген.

    Тоқаев Қанат Бозымбаевқа бірқатар нақты тапсырма берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.