jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру: Тоқаев бірқатар кодекске түзетулер енгізетін заңға қол қойды

    Қасым-Жомарт Тоқаев қол қоюда
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңмен Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне, "Жедел-іздестіру қызметі туралы", "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" және басқа да заңдарға түзету енгізілді.

    Түзетулердің бірінші блогы қылмыстық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

    Түзетулердің екінші блогы қылмыстық заңнаманы жетілдіруді және кейбір қоғамдық қауіпті әрекеттер үшін жауапкершілікті арттыруды көздейді.

    Түзетулердің үшінші блогы қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процесті оңтайландыруға бағытталған.

    Түзетулердің төртінші блогы қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіруге арналған.

    Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

    Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру: Тоқаев бірқатар кодекске түзетулер енгізетін заңға қол қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.