jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға бағытталған заңға қол қойды

    Қасым-Жомарт Тоқаев қол қоюда
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақорданың баспасөз қызметі түзетулер қай салаларды реттеуге бағытталғанын мәлім етті.

    Түзетулердің бірінші блогы елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға бағытталды.

    Түзетулердің екінші блогы жер заңнамасының жекелеген мәселелерін реттеуді көздейді.

    Түзетулердің үшінші блогы шетелдіктерді тіркеу институтын енгізу үшін қабылданды.

    Түзетулердің төртінші блогы кеден мәселелерін реттеуге бағытталған.

    Түзетулердің бесінші блогы өкілеттіктерді орталықсыздандыру, сондай-ақ нормаларды артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау үшін енгізіліп отыр.

    Түзетулердің алтыншы блогы жылу, энергия және судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін кезек күттірмейтін инфрақұрылымдық проблемаларды шешу мақсатында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырумен байланысты.

    Түзетулердің жетінші блогы мемлекеттік аудит процесін жетілдіру үшін енгізілді.

    Түзетулердің сегізінші блогы бағалау қызметі туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

    Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

    Тоқаев Астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға бағытталған заңға қол қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.