jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тоқаев Алматының жоғарғы бөлігінде тұрғын үйлер салуға және құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Дархан Сатыбалды
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Дархан Сатыбалды. Фото: Aqorda

    Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Алматы әкімі президентке шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорда.

    Дархан Сатыбалды Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы бірінші жартыжылдықта қысқамерзімді экономикалық индикатор 11 пайызға өскенін, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25,4 пайызға артқанын мәлімдеді. Сонымен бірге қаланың орталық бөлігіне түсетін жүктемені азайтуға, инфрақұрылымды теңгерімді бөлуге және қалада жайлы орта қалыптастыруға бағытталған полицентристік даму барысы жөнінде мәлімет берді. Ол аудандар арасындағы тиімді байланыс пен қоғамдық көлік қызметін жақсартатын транспорт жүйесін құру мәселесіне ерекше назар аударылғанына да тоқталды.

    Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев шаһардың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үйлер салуға және аумақты тарылтатын құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды. Бұл шектеу Бас жоспарда қарастырылған әлеуметтік нысандар мен туристік кластер жобаларына қатысты емес.

    Бас жоспарға табиғи ортаны қорғауды күшейтуге, қаланы жүйелі дамытуға және тау бөктеріндегі құрылыстың алдын алуға арналған өзгерістерді уақыт оздырмай енгізу міндетін жүктеді.

    Тоқаев Алматының жоғарғы бөлігінде тұрғын үйлер салуға және құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.