jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Руслан Желдібай Астанадағы жиыннан кейін Тоқаевты не мәселе алаңдатқанын айтып берді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай президент "Ақылды қала" жобасын Қазақстанның барлық ірі қаласында жүзеге асыруды міндеттегенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Руслан Желдібайдың сөзінше, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуға арналған жиында Үкімет пен Астана әкімдігінің елордада "Ақылды қала" ауқымды жобасын жүзеге асыру бойынша нәтижелі жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

    Жобаны ресми түрде іске қосу желтоқсан айына жоспарланған.

    "Президент бұл тәжірибені Қазақстанның барлық ірі қаласына таратуды міндеттеді. Сонымен қатар елімізде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту айрықша маңызға ие екенін ескере отырып, үкіметті формализмнен аулақ болуға шақырды.

    Мемлекет басшысы жасанды интеллект құралдарының экономиканың нақты секторына енгізілуі баяу жүріп жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Осы орайда үкіметке жұмысты жедел қолға алуды тапсырды", - деп жазды Желдібай.

    Руслан Желдібай Астанадағы жиыннан кейін Тоқаевты не мәселе алаңдатқанын айтып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.