jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Асылбек Ахметжанов оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

    Асылбек Ахметжанов
    Асылбек Ахметжанов. Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

    Үкімет қаулысымен Асылбек Ахметжанов Қазақстанның оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Асылбек Амантайұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Үкіметтің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Асылбек Ахметжанов 1993 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ технология және бизнес университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2016 жылғы қаңтарда Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру басқармасы сарапшысының міндетін атқарушысы ретінде бастады.

    2016–2018 жылдары — Ақпарат және коммуникациялар министрлігі "Электрондық үкіметті" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру басқармасының сарапшысы.

    2018–2019 жылдары — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Электрондық үкіметті" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру саясаты басқармасының бас сарапшысы.

    2019–2021 жылдары — Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті  Ақпараттандыру және мемлекеттік қызметерді автоматтандыру басқармасының басшысы.

    2021–2024 жылдары — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық трансформация департаменті директорының орынбасары

    2024–2025 жылдары — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры.

    2025 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Цифрлық даму министрлігі Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.

    Асылбек Ахметжанов оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.