Тоқаев: Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі бірдей болуы керек
Опубликовано:
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтердің жыл сайынғы Тамыз конференциясына қатысты. Президент қала және ауыл мектебіндегі білім беру деңгейін теңестіруді маңызды міндет ретінде атады, деп хабарлайды Ақорда.
Президенттің сөзінше, соңғы төрт жылда 4 мыңнан астам ауыл мектебінің материалдық-техникалық қоры жаңғыртылды. Оның басым көпшілігі – ауыл мектептері. Ауылдағы білім ошақтарына күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңадан кітапханалар, асханалар мен спорт залдары салынып жатыр. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.
"Баланың бәрі – бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. "Келешек мектептері" жобасының негізгі мақсаты да – осы", - дейді президент.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2275566-toqaev-auyl-balasy-men-qala-balasynyng-bilim-alu-mumkindigi-birdei-boluy-kerek/