jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Алмасхан Сматлаев
    Алмасхан Сматлаев. Фото: акимат Алматы

    Алмасхан Сматлаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған, деп хабарлайды Алматы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша 2025 жылы 18 тамызда Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Алмасхан Сматлаев тағайындалды", — делінген әкімдіктің хабарламада.

    Алматы әкімдігінің хабарлауынша, жаңа орынбасар экология, энергетика, көлік және коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік етеді.

    Алмасхан Сматлаев Ресей Федерациясындағы Қаржы университетін "экономика" және "мемлекеттік және муниципалдық басқару" мамандықтары бойынша, сондай-ақ, АҚШ-тағы Блумсберг университетін "халықаралық экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2009 жылы бизнес құрылымдарда бастап, кейін Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс істеді.

    2014-2023 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды, облыс әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары сынды әртүрлі лауазымда қызмет атқарды.

    Бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек еткен.

    Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.