jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мемлекеттік күзет қызметі Иордания королінің Астанаға келуіне орай тұрғындарға үндеу жасады

    Астанадағы "Бәйтерек" монументі
    Астана. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ертең, 26 тамызда Қазақстанға ресми сапармен Иордания королі келеді күтілуде. Осыған байланысты Мемлекеттік күзет қызметі Астананың кей көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! Иордания королі Абдалла II бен әл-Хусейннің Қазақстан Республикасына ресми сапары кезінде (26-27 тамызда) қаланың жекелеген көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

    Дайындық іс-шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиация мен техника ресурстарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

    Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық дәрежедегі маңызды оқиға кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Иордания королінің Астанаға сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

    Мемлекеттік күзет қызметі Иордания королінің Астанаға келуіне орай тұрғындарға үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.