jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев еліміздің денсаулық сақтау министрін қабылдап, бірқатар тапсырма берді

    Тоқаев пен Ақмарал Әлназарова
    Тоқаев пен Ақмарал Әлназарова. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство мәліметінше, мемлекет басшысына денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндалды.

    Ақмарал Әлназарова былтыр елімізде өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жеткенін айтты.

    "Бұл – әлемдік орташа деңгейден жоғары көрсеткіш. Биылғы бірінші жартыжылдықта жалпы өлім-жітім 3 пайызға төмендеді. Былтыр алғаш рет ана мен бала өлімі ең аз көлемде тіркелді", - дейді Әлназарова.

    Ол сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігін арттыру, "Қолжетімді емхана" тұжырымдамасын жүзеге асыру, халықтың скринингтен өтуін жеңілдету бойынша мәлімет берді.

    "Дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз ету және оның айналымын бақылауды күшейту шаралары жүргізіліп жатыр. 2024 жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы республикада – 19 пайызға, ауылдарда – 16 пайызға және орта буын медицина қызметкерлерінің жеткіліксіздігі 7 пайызға азайды", - деп нақтылады министр.

    Әлназарова сонымен қатар медицина қызметкерлерін қорғау шаралары жөнінде ақпарат берді.

    "Бұл орайда заңнаманы қатаңдатуға, дәрігерлерге шабуыл жасалған жағдайда жедел көмек көрсетуге ден қойылады", - дейді ол.

    Министрліктің мәліметінше, келесі жылдан бастап әлеуметтік осал топтағы 1 миллион адам медициналық сақтандырумен қамтылады.

    Мемлекет басшысы министрлікке "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында елді мекендердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін тиімді ету, аса маңызды дәрі-дәрмектердің отандық өндірісін дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді.

    Сондай-ақ азаматтардың денсаулығын нығайту және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

    Тоқаев еліміздің денсаулық сақтау министрін қабылдап, бірқатар тапсырма берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.