jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді

    Ержан Бейсенбаев
    Ержан Бейсенбаев. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

    "Ақ жол" партиясы фракциясының мүшесі, мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді. Оның өтініші қанағаттандырылды, деп хабарлайды "Ақжол" партиясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Партия төрағасы Азат Перуашевтың хабарлауынша, партияның Ұлттық кеңесінің пленумы өтіп, бірқатар мәселе қаралған.

    Жиында пленум мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаевтың өз өтініші бойынша өкілеттігін тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырып, "Ақ жол" демпартиясының партиялық тізімі бойынша мәжіліс депутатының босаған мандатын (жастар квотасы аясында) партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжас Нұрлдиновқа тапсыру туралы шешім қабылдаған.

    Партия мүшелері Ержан Бейсенбаевқа фракция жұмысына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтқан.

    "Ержан Алмабекұлы үнемі "Ақ жол" демпартиясының ұстанымдарын басты орынға қойып, депутаттық сауалдарының саны мен сапасы жағынан мәжілістің белсенді депутаттарының бірі болды. Ержан кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтардың заңды мүдделерін табандылықпен қорғай білді", - деді партия төрағасы Азат Перуашев.

    Айта кетейік, Ержан Бейсенбаев VIII сайланған Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.

    "Ақ жол" демпартиясының мәліметінше, Олжас Нұралдинов 1989 жылы дүниеге келген. Кәсіпкер, "Ақ жол" демпартиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы.

    Сондай-ақ "Ақ жол" демпартиясының партиялық тізімі бойынша Алматы қалалық мәслихатының депутаты, мәслихаттың экономика және қаржы жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары болған. ІІІ және IV шақырылымдағы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

    Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.