Жақында жаңадан құрылған министрлік жаңа логотипін таныстырды
Опубликовано:
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жаңа логотипін таныстырды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Министрліктің мәліметінше, логотип Қазақстанның жоғары технологиялық әрі тұрақты цифрлық экожүйесін құруға бағытталған стратегиялық бағытын бейнелейді.
Шеңбер – ұлттық мәдениет пен бірліктің негізі саналатын шаңырақты, сондай-ақ әлемдік масштаб пен планетаны білдіреді. Осылайша, Қазақстанның әлемге ашықтығын айқындайды. Шеңбер ішіндегі шаршы – ұлттық AI-инфрақұрылымының өзегін құрайтын микрочип пен суперкомпьютерлік жүйелерді білдіреді.
Тор – цифрлық матрицаны еске салады. Мұндағы әрбір ұяшық жалпы қозғалыстың: мемлекет, бизнес, ғылым мен қоғамның элементі.
Логотип түстері – дәстүр сабақтастығы мен болашаққа ұмтылысты бейнелейді.
"Жаңа белгі жоғары технологиялар мен ұлттық құндылықтардың символикасын біріктіре отырып, министрліктің (ЖИ және цифрландыруды тұрақты даму мен ортақ өркендеудің қозғаушы күші ету) миссиясын айқын көрсетеді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жақында Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2290734-zhaqynda-zhangadan-qurylgan-ministrlik-zhanga-logotipin-tanystyrdy/