jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев "Торғай - Ырғыз" және батыстағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды

    жол жөндеу жұмыстары
    Жол жөндеу жұмыстары. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "Торғай - Ырғыз" және батыс бағытындағы басқа да автожолдар құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасап.

    "Президент үкіметке "Торғай - Ырғыз" және батыс бағытындағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды", - делінген хабарламада.

    Еске сала кетейік, жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қостанай облысына жұмыс сапарымен баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Президент Жолдауда Қостанай облысын арнайы атап өтіп, Торғай жеріне баса назар аудару керек екенін айтты. Мемлекет басшысы Арқалыққа биыл міндетті түрде баратынын және кезінде берген уәдесін орындайтын кез келгенін жеткізді.

    Бұған дейін 2025 жылы елімізде қандай жолдар салынып, жөндеуден өтетінін жазғанбыз.

    Тоқаев "Торғай - Ырғыз" және батыстағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.