jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Тоқаев Рустам Миннихановпен кездесу өткізді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рустам Минниханов
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рустам Минниханов. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановты Татарстан Республикасының Раисы болып қайта сайлануымен құттықтап, Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын, еліміз бен Татарстан өңірлерінің өзара тиімді серіктестігін нығайтуға белсене атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді.

    "12 қараша күні Мәскеуге мемлекеттік сапармен барамыз. Бұл екі ел қарым-қатынасындағы айтулы кезең деп санаймыз. Ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға тың серпін беретін маңызды құжаттарға қол қойылады. Сіздің Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарын аралап келгеніңізді білемін. Қазақстан аумағында кәсіпорындар ашуға қатысты жоспарыңыз бар. Біз Татарстаның Қазақстандағы барлық бастамасын қолдаймыз", - деді президент.

    Мемлекет басшысы машина жасау, мұнай-газ химиясы және оған қажетті бөлшектер шығару салаларында табысты ықпалдастық орнағанын атап өтті. Президент "КамАЗ" және "Татнефть" компанияларымен бірлескен инвестициялық жобаларға баса мән беру қажет деп санайды.

    Рустам Минниханов Қазақстанға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бизнес, өнеркәсіп, білім беру және мәдениет салаларындағы байланыстарды ілгерілетуге ниетті екенін растады.

    Тоқаев Рустам Миннихановпен кездесу өткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.