Тоқаев Құрылыс кодексіне қол қойды
Опубликовано:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Құрылыс кодексіне қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Құрылыс кодексіне қол қойды.
Сонымен қатар мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында жаңа Құрылыс кодексін жыл соңына дейін қабылдау керек екенін айтқан еді.
"Құрылыс сапасын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларының көмегімен ғимараттарды ақпараттық модельдеу әдісін кеңінен қолдану керек. Үкімет құрылыстың барлық кезеңдерін толық есепке алуды, жоспарлауды, оған мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін ұлттық цифрлық платформаны іске қосу қажет. Ал жаңа Құрылыс кодексі осы саланың қауіпсіз әрі ашық болуына және тұрақты дамуына жол ашатын берік заңнамалық негізге айналуға тиіс. Құжатты жыл соңына дейін қабылдау керек. Депутаттардың бұл жұмысқа атсалысуын сұраймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Жолдауында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2329785-toqaev-qurylys-kodeksine-qol-qoidy/