jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Цифрлық кодекске қол қойды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Цифрық кодекске қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне қол қойды.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

    Одан бөлек мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

    Еске сала кетейік, мәжіліс депутаттары Цифрлық кодекс қабылданса, қандай өзгеріс болатыны туралы айтқан еді.

    Жаңа кодекс президенттің 2025 жылғы жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның цифрлық мемлекет болуына құқықтық негіз жасау мақсатымен әзірленген.

    Ал былтыр Астанада былтыр өткен Digital Bridge халықаралық форумында мемлекет басшысы жасанды интеллектіні пайдалану үшін осы саладағы негізгі құжат – Цифрлық кодекс әзірленетінін мәлім еткен еді.

    Президенттің айтуынша, кодексте экономика, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару салаларын жаппай цифрландыру жүйесі айқындалады.

    Тоқаев Цифрлық кодекске қол қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.