jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Моңғолия президентіне жеделхат жолдады

    Ақорда
    Көрнекі фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлады Ақорда.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Моңғолия президенті болып сайлануына байланысты Қазақстан халқы мен өз атынан құттықтады.

    "Сайлаудағы айқын жеңісіңіз мемлекетіңіздің дамуына қосқан мол үлесіңіз бен қажырлы еңбегіңіздің нәтижесі және моңғол халқының өзіңізге артқан үлкен сенімі деп білемін. Осы ретте еліңіздің болашағын жарқын, мерейін үстем етуге бағытталған бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың әрдайым сәтті жүзеге асатынына кәміл сенемін", - делінген хатта.

    Сондай-ақ Қазақстан президенті Қазақстан мен Моңғолия арасындағы өзара құрмет пен жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі байланыстардың өpici кеңейгенін ерекше атап өтті.

    "Екі ел халқының игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматта әріптестікті дамытуға Сізбен бірге күш-жігер жұмсауға дайын екенімді нақтылаймын", - делінген жеделхатта.

    Тоқаев Моңғолия президентіне жеделхат жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.