jitsu gif
Саясат

    Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны екі есеге артады

    Фото
    Көрнекі фото: pexels.com

    13 мамырдан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы жолаушылар әуе тасымалы екі есеге артады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресми сайтында хабарлады.

    Ведомствоның мәліметінше, бұл туралы Қазақстан мен Түркия президенттерінің Анкарада өткен шағын құрамдағы кездесуінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеген.

    Өскенбаев өз сөзінде бүгінде әуе қатынастары бойынша үкіметаралық келісім негізінде елдер арасындағы тұрақты рейстердің жиілігі бойынша аптасына 61 жолаушылар рейсі орындалып жатанын хабарлаған.

    Атап айтқанда, Air Astana, Fly Arystan және SCAT әуе компаниялары 37 рейс орындаса, түркиялық Turkish Airlines және Pegasus компаниялары 24 рейс орындаған. Жолаушылар Стамбұл мен Анкараға бару немесе қайту үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Шымкент және Түркістан қалалары арқылы ұша алады.

    Енді 13 мамырдан бастап ұшу саны аптасына 63 рейске артпақ. Сәйкесінше, елдер арасындағы апта сайынғы рейс саны 124-ке дейін өсетін болады.

    "Биылғы жылдың 13 мамырынан бастап Анталия және Бодрум бағыттарында қатынайтын Air Astana, SCAT, Turkish Airlines әуе компанияларының рейс саны біртіндеп артатын болады. Қосымша рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Өскемен арқылы іске асырылады", – деді Қайырбек Өскенбаев.

    Одан бөлек Өскенбаев биылғы жылдың мамыр айында ИИДМ рейстер санын одан әрі арттыру және ұшу географиясын кеңейту мәселелерін талқылау үшін екі елдің авиациялық билігінің кездесуін ұйымдастыруды сұрағанын айтты.

    Келіссөздер биыл шілде айында Стамбұл қаласында өтеді деп жоспарланған.

    Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны екі есеге артады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.