jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаевтың Әзербайжанға ресми сапары аяқталды

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев
    Фото: t.me/bort_01

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды БОРТ№1 Telegram-каналы.

    Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев жылы қоштасқан.

    Еске сала кетейік, 24 тамызда Қасым Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысы ең алдымен ел президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.

    Кейін олар кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, екі ел арасында маңызды бірқатар құжатқа қол қойды.

    Одан бөлек Қасым Жомарт Тоқаев Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен оның жұбайы Зарифа Әлиеваның бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы Әзербайжанның азаттығы мен территория тұтастығы үшін қаза тапқан жауынгерлер жерленген Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға да гүл шоғын қойды.

    Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Баку көшелерінде серуендеді.

    Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Каспий теңізінің жағасын аралап көріп, мұнда орнатылған қазақтың киіз үйіне кірді.

    Тоқаевтың Әзербайжанға ресми сапары аяқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.