jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Сингапур президентін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады (фото, видео)

    Қасым-Жомарт Тоқаев Халима Якобқа I дәрежелі "Достық" орденін табыстауда
    Қасым-Жомарт Тоқаев Халима Якобқа I дәрежелі "Достық" орденін табыстауда. Фото: aqorda.kz

    Мемлекет басшысы Сингапур президенті Халима Якобты I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    Марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур президентінің екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өткен.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Халима Якобқа I дәрежелі
    Қасым-Жомарт Тоқаев Халима Якобқа I дәрежелі "Достық" орденін табыстауда. Фото: aqorda.kz

    Өз кезегінде Халима Якоб көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірген.

    Еске сала кетейік, бүгін елімізге мемлекеттік сапармен Сингапур президенті Халима Якоб келді.

    Кейін Сингапур басшысын "Ақорда" резиденциясында салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

    Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Халима Якоб келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.