jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті кезінде қандай құжаттарға қол қойды

    Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті
    Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында бірқатар құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында мынадай құжаттарға қол қойды:

    1. Астана Актісі;
    2. Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;
    3. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
    4. Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
    5. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;
    6. Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
    7. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;
    8. 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;
    9. Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;
    10. "Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені" әзірлеу туралы шешім;
    11. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
    12. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 3 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде сөз сөйлеген болатын.

    Саммитке Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Мажарстан (Венгрия) премьер-министрі Виктор Орбан, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Түркіменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты.

    Сондай-ақ бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

    Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті кезінде қандай құжаттарға қол қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.