jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Астанаға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін тағы бір қадірлі мейман келді (фото)

    Ильхам Әлиев пен Қанат Бозымбаев
    Ильхам Әлиев пен Қанат Бозымбаев. Фото: primeminister.kz

    Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Әуежайда оны Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев қарсы алды.

    Қазақстан мен Әзербайжан арасында бүгінгі таңда екіжақты тауар айналымының тұрақты өсімі қамтамасыз етілген. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 14,4 пайызға өсіп, 529,4 млн долларға жетті. Биыл да оң үрдіс сақталуда: 4 айда тауар айналымы 0,5 пайызға – 184,9 млн долларға дейін өсті.

    Бұдан өзге, бүгінде Әзербайжан аумағы арқылы Еуропа бағытында қазақстандық мұнайды жеткізу жолға қойылған. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында барлығы 494 мың тонна мұнай жөнелтілді.

    Астанаға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін тағы бір қадірлі мейман келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.