Астанаға Эмомали Рахмонның ұшағы келіп қонды (фото)
Жарияланған күні:

Қазақстан астанасына Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысу үшін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Тәжікстан президентін Астана әуежайында премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.
Эмомали Рахмон 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
Тәжікстан 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ның мүшесі. Соңғы 5 жылда тек Қазақстанмен тауар айналымы 48,2 пайызға ұлғайып, 1,1 млрд доллар болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2128290-emomali-rahmon-shyu-sammitine-qatysu-ushin-qazaqstan-astanasyna-keldi/