jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев Таиланд королі Маха Вачиралонгкорнды құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Маха Вачиралонгкорн
    Қасым-Жомарт Тоқаев, Маха Вачиралонгкорн. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд королі Маха Вачиралонгкорнды Ұлттық мерекемен құттықтады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан президенті жеделхатында Таиланд Корольдігінің халықаралық аренада және әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өткен.

    "Сонымен қатар президент Таиланд Корольдігімен дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін жеткізді", - делінген ресми ақпаратта.

    Еске салсақ, бұған дейін Таиланд королі Маха Вачиралонгкорн мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтап, жеделхат жолдаған.

    Тоқаев Таиланд королі Маха Вачиралонгкорнды құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.