jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді

    Джорджа Мелони
    Джорджа Мелони. Фото: Antonio Masiello/Getty Images

    Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді.

    Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды.

    27 сәуір күні Астанада "Орталық Азия – Италия" форматындағы тұңғыш саммит өтеді.

    Айта кетейік, мемлекет басшысы биыл қаңтарда "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" алаңында Джорджа Мелонимен кездесу өткізіп, оны Астанаға шақырған.

    Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.