Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, құран бағыштады (фото)
Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.

Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.
Еске салсақ, бұған дейін Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келгенін жазған едік.
Мәртебелі мейманды Түркістан әуежайында президент қарсы алды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды бірге аралап көреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2237856-toqaev-pen-gurbanguly-berdimuhamedov-qozha-ahmet-iasaui-kesenesine-baryp-quran-bagyshtady-foto/