jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға сапарын кейінге шегерді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Италия премьер-министрінің Қазақстанға сапары кейінге шегерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Италия тарапының өтініші бойынша премьер-министр Джорджа Мелонидің 26-27 сәуір күндері Қазақстанға жоспарланған ресми сапары мен "Орталық Азия - Италия" алғашқы саммитіне қатысуы кейінге шегерілді. Себебі Италия үкіметінің басшысы Рим Папасы Францискті жерлеу рәсіміне қатысады. Сапардың уақыты қосымша хабарланады", - делінген Ақорданың хабарламасында.

    Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарлаған едік.

    Еске сала кетейік, 21 сәуірде 88 жастағы Рим Папасы Франциск Ватикандағы резиденциясында қайтыс болды.

    Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға сапарын кейінге шегерді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.