Тоқаев жаңа сайланған Рим Папасына құттықтау жеделхатын жолдады
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Рим Папасы он төртінші Леоға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Леоны Қазақстан халқының атынан құттықтады.
"Сізді Киелі Тақ иесі етіп сайлау арқылы Католик шіркеуі халықаралық ахуал күрделі кезеңде бейбітшілік пен тұрақтылықты дәріптеу ісінде маңызды рөл атқара беретініне сенімдімін", - деп жазылған жеделхатта.
Президент әртүрлі діни наным өкілдері мекен ететін Қазақстанға Рим Папасы екі мәрте сапармен келгеніне назар аударып, халықтар достығын, дінаралық сенім мен ынтымақты нығайтуға бағытталған ортақ күш-жігерді еліміздің әрдайым қолдайтынын жеткізді.
Айта кетейік, 8 мамырда жаңа Рим Папасы болып АҚШ-тан шыққан кардинал Роберт Прево сайланды. Ол XIV Лео есімін алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2243316-toqaev-zhanga-rim-papasyna-quttyqtau-zhedelhatyn-zholdady/