jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Путин Кремльде Тоқаевты қарсы алды (видео)

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей президенті Владимир Путин Кремльде қарсы алды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бұдан соң мемлекеттер басшылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Қызыл алаңға беттеген.

    Айта кетейік, 8 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды.

    Сапар аясында мемлекет басшысы Сербия президенті Александр Вучичпен, Венесуэла президенті Николас Мадуромен және Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен кездесу өткізді.

    Сондай-ақ бүгін Қызыл алаңда өтетін әскери парадқа Қазақстан Қарулы күштерінің атынан Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасы әскери қызметшілері қатысады.

    Путин Кремльде Тоқаевты қарсы алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.