jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Қызыл алаңда салтанатпен сап түзеген Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті

    Қызыл алаңда сап түзеген қазақстандық әскери қызметшілер
    Қызыл алаңда сап түзеген қазақстандық әскери қызметшілер. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты.

    Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.

    Айта кетейік, 8 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды.

    Сапар аясында мемлекет басшысы Сербия президенті Александр Вучичпен, Венесуэла президенті Николас Мадуромен және Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен кездесу өткізді.

    Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей президенті Владимир Путин Кремльде қарсы алды.

    Тоқаев Қызыл алаңда салтанатпен сап түзеген Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.