jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Әзербайжан президентіне құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ақородаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы стратегиялық әрiптестiк және одақтастық қарым-қатынас туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады.

    "Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың басты бағыттарын қамтитын бұл тарихи құжат қазақ-әзербайжан байланысын дамытудағы маңызды кезеңнің басталғанын айқындап, көптеген сала бойынша өзара ықпалдастықты нығайтуға берік негіз қалады.

    Бірлескен күш-жігер арқылы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтып, екіжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін халықтарымыздың игілігі жолында пайдаланамыз деп сенемін", - делінген құттықтау жеделхатында.

    Тоқаев Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.