jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Грузия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Михаил Кавелашвили
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Михаил Кавелашвили. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Грузия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай осы елдің президенті Михаил Кавелашвилиге құттықтау жеделхатын жолдаған.

    Қазақстан президенті кейінгі жылдары Грузияның демократиялық институттарды нығайту, экономиканы жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын көтеру ісінде айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өткен.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Грузия халқына бақ-береке тіледі.

    Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдаған еді.

    Тоқаев Грузия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.