"Шынайы тілектеспін": Тоқаев Польша президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Польша президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийді Польша президенті болып сайлануымен құттықтаған.
"Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баянды етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеу жолындағы игі бастамаларыңыз бен қолға алған жоспарларыңыздың табысты жүзеге асуына шынайы тілектеспін. Қазақстан мен Польша арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын", - деп жазылған жеделхатта.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийдің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Польша халқына құт-береке тілеген.
Айта кетейік, 1 маусымда Польшада президент сайлауының екінші туры өтті. Ел президенттігіне атқарушы билік өкілі, Варшава мэрі, либерал Рафал Тшасковский және елдегі ірі оппозициялық күштің өкілі Кароль Навроцкийден үміткер болды.
Нәтижесінде Навроцкий 50,89 пайыз дауыс жинап, Польшаның жаңа президенті болып, сайланды. Тшасковскийға сайлаушылардың 49,11 пайызы дауыс берген.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2251812-shynaiy-tilektespin-toqaev-polsha-prezidentine-quttyqtau-zhedelhatyn-zholdady/