Тоқаев пен Иран президенті бір-бірін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылған.
Сондай-ақ тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылаған.
Айта кетейік, 6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Бұл күні қазақстандықтар демалады. Құрбан айт мейрамы елімізде үш күн аталып өтеді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2252667-iran-prezidenti-toqaevty-qasietti-qurban-ait-meiramymen-quttyqtady/