Үндістандағы ұшақ апаты: Тоқаев елдің премьер-министріне көңіл айтты
Опубликовано:

Қазақстан президенті Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Қазақстан президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Үндістанда Air India әуекомпаниясының Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған едік. Әуе кемесі Үндістанның Ахмедабад қаласынан Лондонға бағыт алған.
Бортта барлығы 242 адам болған. Олардың 12-сі – экипаж мүшесі. Қазіргі уақытта ұшақ апатынан кем дегенде 133 адамның қаза тапқаны белгілі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2254827-undistandagy-ushaq-apaty-toqaev-narendra-modige-kongil-aitu-zhedelhatyn-zholdady/