jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    "24 құжат": Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз нәтижесінде қандай құжаттарға қол қойды (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Си Цзиньпин
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Си Цзиньпин. Фото: Aqorda

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Aqorda.

    Екі ел делегациясының мүшелері энергетика, аэроғарыш, цифрландыру, кеден, ауыл шаруашылығы, электронды сауда, туризм, зияткерлік меншік, медицина, медиа, ғылым, өңіраралық байланыс салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын құжаттармен алмасты.

    Олардың ішінде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер бар.

    Еске салсақ, бүгін Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Астанаға келді. Қытай көшбасшысын Астана әуежайынан президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.