Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израильде жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
Опубликовано:

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израильде жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады. Бұл туралы сыртқы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығу қаупінің жоғары болуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасы мен Израиль мемлекетінде жүрген Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, қырағылық пен сақтық танытуға, аталған елдердің билігі қабылдаған қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындауға және Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырады", - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, аталған мемлекеттердің астаналарында (Тегеран және Тель-Авив қалаларында), сондай-ақ Горган мен Бандер-Аббас қалаларында орналасқан Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері қалыпты режимде жұмысын жалғастырып, отандастарға жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.
Сондай-ақ ведмоство Сыртқы істер министрлігімен және шетелдегі дипломатиялық өкілдіктермен жедел байланыс телефондарын жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, 13 маусымда түнде Израиль Иранға соққы жасады, кейін Иран Израильге шабуыл жасап, екі ел арасындағы жағдай ушықты.
Қазақстан Таяу Шығыстағы әскери шиеленіске байланысты мәлімдеме жасап, өз алаңдаушылығын білдірді.
Кейін Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан өз азаматтарын эвакуациялады. 109 отандасымыз елге оралды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2257548-syrtqy-ister-ministrligi-iran-men-izrailde-zhurgen-qazaqstan-azamattaryna-undeu-zhasady/