jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев Қатар әмірімен сөйлесіп, қиын-қыстау кезеңде халқын қолдайтынын жеткізді

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Қатар әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәни
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Қатар әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәни. Фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

    Мемлекет басшысы қазіргідей қиын-қыстау жағдайда еліміз Қатар халқын қолдайтынын жеткізді.

    Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің саяси көрегенділігінің арқасында шиеленістің одан әрі ушықпағанын атап өтті. Сонымен қатар парасатты басшысы бар Қатар елі аймақтағы ең күрделі мәселелерді шешуде айрықша рөл атқаратынына назар аударды.

    Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастыруға уағдаласып, Қатар Әмірінің алдағы уақытта елімізге жоспарланған сапарын талқылады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.