jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев ICAO кеңесінің президентін I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сальваторе Шаккитано
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сальваторе Шаккитано. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ICAO) президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдап, I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілген. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік берген. Өткен жылдан бері Монреаль қаласында Қазақстан Республикасының ICAO жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңсесі жұмыс істей бастаған.

    Халықаралық әуе тасымалдарының географиясы кеңейіп келеді. Бүгінде Қазақстан әлемнің 30-дан астам елімен тікелей әуе қатынасын жолға қойған. Нью-Йорк, Токио және Сингапур қалаларына рейстер ашу мәселесі пысықталып жатыр.

    Қазақстан президенті былтыр Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жаңа терминалдар пайдалануға берілгенін айтқан. Соның ішінде Алматы әуежайының өткізу қабілеті алты есе, яғни, жылына 2,5 миллионнан 14 миллион жолаушыға дейін ұлғайған.

    Сальваторе Шаккитаномен кездесу
    Сальваторе Шаккитаномен кездесу. Фото: Ақорда

    Сонымен қатар мемлекет басшысы Қазақстан мен ICAO арасында қол қойылатын азаматтық авиация бас жоспарының маңызына тоқталған. Аталған құжат авиация секторын ұзақмерзімді дамыту стратегиясы ретінде қарастырылады.

    Өз кезегінде ICAO кеңесінің президенті еліміздің азаматтық авиация саласындағы жетістіктерімен құттықтаған. Ол Қазақстанда авиация қарқынды дамып, орнықты өсім көрсетіп отырғанына және нақты құрылымы жасақталғанына назар аударған.

    Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға қосқан үлесі үшін Сальваторе Шаккитаноны I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттаған.

    Тоқаев ICAO кеңесінің президентін I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.