jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу: Тоқаев Трамптың хатына жауап жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Хатта мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін атап өткен.

    Қазақстан президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізген.

    Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірген.

    Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд бірнеше елдің басшысына соның ішінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған хатын жариялаған еді.

    Трамптың хатында 1 тамыздан бастап Қазақстаннан келетін барлық тауарға 25 пайыз баж салығы салынатыны айтылған.

    Кейін Қазақстан тауарлары үшін белгіленген АҚШ-тың жаңа тарифтеріне қатысты еліміздің Сауда және интеграция министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

    Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу: Тоқаев Трамптың хатына жауап жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.