jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды тереңдету туралы шартты ратификациялады

    Қазақстан және Қырғызстан тулары
    Қазақстан және Қырғызстан тулары. Иллюстрациялық фото: t.me/bort_01

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету туралы шартты ратификациялады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сенатта Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейту туралы заң қаралған еді.

    Шарт екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған және жоғары және жоғарғы деңгейдегі кездесулер тетігін жетілдіруді, саясат пен қауіпсіздік саласындағы үйлестіруді күшейтуді, тұрақты түрде пікір алмасуды және өңірлік және халықаралық сипаттағы түйінді мәселелер бойынша ұстанымдарды келісуді көздейді.

    Құжат тараптардың саяси, әскери, сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көліктік, су-энергетикалық, ғылыми-техникалық, білім беру және мәдени-гуманитарлық салалармен қоса бірқатар басым салалардағы ынтымақтастықты кеңейту ниеттерін бекітеді.

    Шартта қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылған. Тараптар терроризм, экстремизм, трансұлттық қылмыс, киберқылмыс және есірткінің заңсыз айналымы сияқты қазіргі заманғы қауіп-қатерлермен күресте өзара тығыз іс-қимылға дайын екендіктерін білдіреді.

    Құжат парламентаралық байланыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының парламенті мен Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық Кеңес аясында дамытуды қолдауды көздейді.

    Тоқаев Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды тереңдету туралы шартты ратификациялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.