jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ли Чжэ Мёң Тоқаевты Кореяға ресми сапармен келуге шақырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мёңмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әңгімелесу барысында президенттер сан қырлы қазақ-корей ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бейіл екенін растаған.

    Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасқан. Сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты жандандыруға ниет білдірді.

    Тараптар өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, білім беру, және медицина салаларында қолға алынған әрі перспективті жобаларды тиімді жүзеге асырудың маңызын атап өткен.

    Ли Чжэ Мёң Қазақстан президентін Корея Республикасына ресми сапармен келуге шақырған.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысының шақыруын ризашылықпен қабыл алып, келесі жылы Сеулде өтетін "Орталық Азия – Корея Республикасы" форматындағы саммитке қатысатынын мәлімдеген.

    Ли Чжэ Мёң Тоқаевты Кореяға ресми сапармен келуге шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.