Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге көңіл айтты
Опубликовано:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айтты", - делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, бүгін Ресейдің Амур облысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, оның бортында 48 адам (алтауы — экипаж мүшесі) болған.
112 telegram-каналындағы ақпаратқа сәйкес, негізінен ұшақта 49 адам болуы керек еді, алайда Марина Авелян есімді жолаушы немересі ауырып қалғасын, ұшаққа отырмай, аман қалған.
Көп ұзамай Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі әуе кемесінің өртке оранған фюзеляжы табылғанын хабарлады.
РИА Новостидің ақпаратына сенсек, Ан-24 ұшағы Тында қаласынан 15 км жерде тау етегінде табылды. Алдын ала болжам бойынша, аман қалғандар жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2268591-qasym-zhomart-toqaev-putinge-kongil-aitty/