jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Тоқаев Путинмен Аляскадағы саммит жайында сөйлесті

    Тоқаев пен Путин
    Тоқаев пен Путин. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Ол әріптесін АҚШ басшысы Дональд Трамппен Анкориджде өткен кездесу қорытындысымен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Тоқаевтың пікірінше, келіссөздер Ресейдің Украина жөніндегі ұстанымын америкалық тараптың жақсы түсінуіне септігін тигізді. Бұл күрделі мәселенің шешімін іздеуде ортақ тіл табысуға көмектеседі.

    Мемлекет басшысы Аляскадағы саммитті Ресейдің халықаралық позициясын және әлемдік аренадағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан айтулы кездесу болды деп санайды. Президент сапардың сәтті ұйымдастырылғанын атап өтті. Оның сөзінше, қазіргідей күрделі жағдайда мұның саяси мәні зор.

    Владимир Путин өз тарапынан әріптесіне Аляскада өткен келіссөздің кейбір нақты аспектілері туралы мәлімет берді. Әңгімелесу соңында Тоқаев Путинге энергетика саласындағы конструктивті ынтымақтастық үшін ризашылық білдірді.

    Тоқаев Путинмен Аляскадағы саммит жайында сөйлесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.