Тоқаев Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Украина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік және құт-береке тілеген.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бұған дейін 10 тамызда Украина тарапының бастамасымен телефон арқылы сөйлескен еді.
Әңгімелесу барысында мемлекет басшысы Қазақстанның Украинада халықаралық құқық қағидаттары негізінде бейбітшілік орнауына сөзсіз мүдделі екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қазіргідей өте күрделі жағдайда Украина мемлекеттілігін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ете отырып, қақтығысты байыпты түрде шешу маңызды.
Мемлекет басшысы тараптар "Жанжалдан, жаман болса да бітім артық" деген көнеден келе жатқан даналыққа сай әрекет етуге тиіс деп санайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2278444-toqaev-zelenskiige-quttyqtau-zhedelhatyn-zholdady/